10.06.2026 18:18
Кейн «Баварияның» үздік ойыншысы атанды
10.06.2026 18:18
Харри Кейн «Баварияның» мамырдағы үздік ойыншысы атанды

32 жастағы ағылшын форварды өткен айда бес матчқа қатысып, жеті гол соқты.
Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде 56% көрсеткішке ие болып, Леон Горецка (17%) мен Майкл Олисені (14%) артқа тастады.
Кейн биылғы маусымда жалпы 51 матчта 61 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді және биыл Әлем чемпионатына барады.