02.08.2026 20:59

Коло-Муани «Ювентус» ойыншысы атанды

02.08.2026 20:59

Рандаль Коло-Муани «Ювентуске» ауысты

Қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Туриннің клубы оны ПСЖ-дан 45 миллион еуроға сатып алу құқығымен жалға алды.

27 жастағы француз форварды осыған дейін «Ювентусте» 2024/25 жылғы маусымның екінші жартысын жалда жүріп өткізген еді. Осы аралықта ол «бьянконери» намысын 22 матчта қорғап, он гол мен үш нәтижелі пастың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram