19.10.2025 17:35
«Комо» «Ювентусты» жеңіп кетті
19.10.2025 17:35
Италия А Сериясының 7-туры аясында «Комо» өз алаңында «Ювентустан» басым түсті

Комода өткен кездесуде 2:0 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Нико Пас пен Марк-Оливер Кемпф мергендік танытты.
Осылайша 12 ұпайына қол жеткізген «лариани» турнир кестесінде «Ювентусты» (12) артқа тастап, бесінші орынға көтерілді.
Сеск Фабрегас шәкірттері келесі турда «Пармамен» кездессе, Туриннің клубы «Лациомен» шеберлік байқасады.