10.09.2025 09:21

Конате «Ливерпульден» кетуі мүмкін

10.09.2025 09:21

«Ливерпуль» ойыншысы Ибраима Конате клубтан еркін агент ретінде кетуі мүмкін

Marca мәліметінше, франциялық қорғаушы «Ливерпульдің» келісімшартты ұзарту жөнінде жасаған үш бірдей ұсынысынан бас тартқан екен.

Қос тарап арасындағы қазіргі келісім келесі жазда күшін жояды.

Бүгінде Конатеге мадридтік «Реал» қызығушылық танытып отыр.

Конате мерсисайдтықтардың намысын 2021 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 136 матч өткізіп, бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram