23.09.2026 20:25
Кристиан Эриксен «Вольфсбургтан» кетті
23.09.2026 20:25
«Вольфсбург» Кристиан Эриксенмен қош айтысқанын хабарлады

Қос тарап келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды.
8 маусым күні 34 жастағы Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Украинаға қарсы жолдастық кездесуде талып қалған еді. Осылайша екінші рет матч кезінде есін жоғалтып алды. Оған дейін Еуро-2020 додасындағы Финляндиямен ойында жүрегі тоқтап қалған. Бірақ әлі мансабын аяқтамады.
Эриксен «Вольфсбург» сапына өткен жылдың қыркүйегінде еркін агент ретінде қосылған. Осы аралықта ол 34 матчта үш гол соғып, он нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Кристиан карьерасында «Тоттенхэм», «Аякс», «Манчестер Юнайтед», «Интер» және «Брентфордта» ойнады.