11.02.2026 21:40
Кристиан Ромероға төрт клуб «құда түсті»
11.02.2026 21:40
«Тоттенхэм» қорғаушысы Кристиан Ромеро жақында клуб ауыстыруы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, оған «Реал», «Атлетико», «Барселона» және ПСЖ қызығушылық танытуда.
Ал Лондонның клубы 27 жастағы аргентиналық ойыншыны келер жазда 70-80 миллион фунт стерлингке сатуға дайын екен.
Ромеро осы маусымда 28 матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.