28.12.2025 16:19
Кросс Әлем чемпионатының фавориттерін атады
28.12.2025 16:19
«Реал» мен «Баварияның» және Германия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Тони Кросс 2026 жылғы Әлем чемпионатының басты фавориттерін атады

– «Басты фавориттер – Испания, Франция, Португалия және Марокко. Бұл тізімге Бразилия да кіретін шығар, бірақ оны айтпаймын.
Германияны да басты фаворит ретінде көрмеймін. Команданың жартылай финалға немесе кемі ширек финалға шығатынына сенімдімін. Бірақ менің ойымша, құрамамыз әлсіздеу»,– деді Кросс.
2026 жылғы Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.