19.07.2026 17:28

Кросс: Испания бірінші болып гол соқса, Аргентинаның мүмкіндігі қалмайды

19.07.2026 17:28

«Реал» мен «Бавария» және Германия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Тони Кросс Испания – Аргентина матчына болжам жасады

«Испания секілді команда бірінші гол соғып алып, содан кейін футболдан ләззат алып ойнайтын болса қарсылас команданың сау-тамтығы сол жерде бітті дей беріңіздер. Испания бірінші болып гол соқса – болды, Аргентина жеңіс дегенді ұмытсын. Тура осындай сценарий болса Аргентина тағы үш-төрт гол өткізетіні анық. Олар ештеңе істей алмай қалады.

Аргентина Германиядан мықты емес, бірақ құраманың ғаламат атмосферасы мен Мессидің интеллекті оларды финалға алып шықты. Мессидің футболи интеллекті бара-бара артып бара жатқанын байқадым. Мен тіпті оны 2022 жылғы Әлем чемпионатынан кейін мундиальға қатыспайды деп ойладым»,— деді Кросс.

Әлем чемпионатының финалы бүгін, 19 шілде күні сағат 00:00-де басталады. Оны Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram