12.04.2026 18:53
Кросс «Реалға» оралуы мүмкін
12.04.2026 18:53
«Реалдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Тони Кросс клубқа оралуы мүмкін

Diario AS хабарлауынша, «бланкос» президенті Флорентино Перес оған клубты басқару жүйесінен қызмет тауып бергісі келеді. Қазір осы жөнінде Мадрид клубының ішінде талқылау жүріп жатыр, бірақ Кроссқа ресми ұсыныс әлі жіберілмепті.
36 жастағы неміс футболшы Мадрид клубының намысын 2014-2024 жылдары қорғаған еді. Осы аралықта ол Испанияның төрт дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында бес мәрте топ жарды. Тони мансабын 2024 жылдың 6 шілдесінде аяқтап кеткен.