09.11.2025 13:15

Кунденің жағдайы мәз емес

09.11.2025 13:15

Жюль Кунде жаттығуға соңына дейін қатыспады

«Барселонаның» қорғаушысы Жюль Кунде бүгінгі жаттығуды мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды. Франция футболшысы өзін жайсыз сезінгендіктен, медициналық штаб оған демалуға кеңес берген.

Клуб ресми түрде ойыншының жағдайы туралы нақты ақпарат бермеді. Бірақ Кунденің «Сельтаға» қарсы өтетін Ла Лига матчыға қатысуы әзірге белгісіз болып отыр.

Бұл команда үшін тағы бір соққы болмақ. Соңғы апталарда бірнеше негізгі ойыншы жарақат алып, «Барселонаның» қорғаныс шебі айтарлықтай әлсіреген еді. Егер Кунде де алаңға шыға алмаса, Флик шәкірттеріне құрамды қайта құруға тура келеді.

«Барселона» бүгін сырт алаңда «Сельтамен» бақ сынасады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram