18.10.2025 17:55
Ламин Ямаль қатарға қосылды
18.10.2025 17:55
«Барселона» Ла Лиганың 9-туры аясындағы «Жиронаға» қарсы ойынға шақырту алған футболшылар тізімін жариялады

Ханси Флик жасақтаған құрамға жарақатына байланысты соңғы матчтарға қатыспаған Ламин Ямаль мен Фермин Лопес енді. Толық тізім келесідей:
Қақпашылар: Войцех Щенсы, Диего Кочен, Эдер Аллер;
Қорғаушылар: Алехандро Бальде, Рональд Араухо, Пау Кубарси, Андреас Кристенсен, Жерар Мартин, Жюль Кунде, Эрик Гарсия, Жофре Торрентс, Хави Эспарт;
Жартылай қорғаушылар: Педри, Фермин Лопес, Марк Касадо, Френки де Йонг, Марк Берналь, Дро Фернандес;
Шабуылшылар: Ламин Ямаль, Маркус Рашфорд, Руни Бардагджи, Тони Фернандес, Хуан.
Ал Роберт Левандовски, Жоан Гарсия, Гави, Дани Ольмо, Рафинья және Марк-Андре тер Штеген сынды футболшылар жарақатына байланысты матчқа қатыспайды.
Луис Компанис атындағы стадионда өтетін ойын бүгін, 18 қазан сағат 19:15-ке жоспарланған. Матчты Setanta Sports 2 телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.