15.10.2025 12:16

Лионель Месси атындағы турнир құрылды

15.10.2025 12:16

Лионель Месси жасөспірім футболшылар арасында Messi Cup турнирі өтетінін хабарлады

Байрақты бәсекеге «Интер Майами», «Атлетико», «Барселона», «Ривер Плейт», «Ньюэллс Олд Бойз», «Интер», «Челси» және «Манчестер Сити» клубының өрендері қатысады.

Дүбірлі дода 9-14 желтоқсан аралығында Майамиде өтеді.

Месси «Интер Майами» сапында биыл 35 матчта 29 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram