09.04.2026 12:32

«Ливерпуль» 14 жыл болмаған нәтижені қайталады

09.04.2026 12:32

Чемпиондар лигасы 1/4 финалының алғашқы матчында «Ливерпуль» Парижде ПСЖ-ға 0:2 есебімен есе жіберді

Осылайша Мерсисайдтың клубы сырт алаңда өткізген қатарынан төртінші матчта қарсыласына жол берді. Бұған дейін «қызылдар» түзде «Галатасарайға» (0:1), «Брайтонға» (1:2) және «Манчестер Ситиге» (0:4) есе жіберген еді.

Соңғы рет мұндай жағдай 2012 жылдың сәуірінде тіркелген екен.

Айта кетейік, «Ливерпуль» мен ПСЖ арасындағы қарымта ойын 14 сәуір күні Англияда өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram