06.10.2025 10:28

«Ливерпуль» аңызы Холанд пен Агуэроны салыстырды

06.10.2025 10:28

«Ливерпульдің» бұрынғы қорғаушысы Джейми Каррагер Эрлинг Холанд пен Серхио Агуэроны салыстырды

— «Менің ойымша, біз қазір АПЛ тарихындағы үздік шабуылшының ойынын тамашалап жатырмыз. Бұрын-соңды Холанд секілді сұрмергенді АПЛ-де көрген емеспін.

Әрине, Агуэроның қалай ойқастағаны әлі есімізде. Серхио – ұлы шабуылшылардың бірі. Бірақ, Холандтың деңгейі бөлек»,– деді Каррагер.

Холанд «Манчестер Сити» намысын 2022 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Ағылшын Премьер-лигасында жалпы 104 матч өткізіп, 94 гол соғып, 18 ассист берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram