16.04.2026 15:28

«Ливерпуль» Экитикенің жарақатына қатысты мәлімдеме жасады

16.04.2026 15:28

«Ливерпуль» шабуылшы Уго Экитикенің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

«Ливерпуль» футбол клубы Уго Экитикенің оң аяғының ахилл сіңірі зақымдалғанын растайды. Медициналық тексерістен кейін оның үзіліп кеткені анықталды. Осылайша Экитике маусым соңына дейін қатардан шықты және Франция құрамасымен Әлем чемпионатына бармайды»,– делінген хабарламада.

23 жастағы форвард бұл жарақатты Чемпиондар лигасы ширек финалындағы ПСЖ-ға (0:2) қарсы қарымта матчта алған еді. Соның салдарынан шамамен 8-9 ай алаңға шыға алмайды.

Экитике Мерсисайдтың клубына өткен жазда «Айнтрахттан» 95 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 45 матчта 17 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram