18.09.2025 02:18

«Ливерпуль» жеңісті жұлып алды

18.09.2025 02:18

Чемпиондар лигасының бірінші туры аясында «Ливерпуль» «Атлетиконы» сан соқтырды

«Энфилдте» өткен кездесуде 3:2 есебі тіркелді. Матч бастала сала Эндрю Робертсон мен Мұхамед Салах гол соғып, командасын есепте алға шығарған еді. Одан соң Маркос Льоренте дубль жасап, таразы басын тең етті. Ал 90+2-минутта Вирджил ван Дейк мергендік танытып, «Ливерпульге» маңызды үш ұпайды сыйлады.

Арне Слот шәкірттері келесі турда «Галатасарайға» қонаққа барады. Ал мадридтіктер өз алаңында «Айнтрахтты» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram