17.12.2025 14:43
«Ливерпуль» жұлдызы қатардан шықты
17.12.2025 14:43
«Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Доминик Собослаи жарақат алды

25 жастағы Венгрия дүлдүлі «Брайтонға» (2:0) қарсы ойында тізе асты сіңірін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты кемі ақпан айына дейін ойнай алмайды екен. Бұл туралы Джеймс Пирс хабарлады.
Собослаи осы маусымда 23 ойында бес гол соғып, бес нәтижелі пас берді.