07.06.2026 19:24

Ловрен: Салахтың «Ливерпульден» кетуіне Слот кінәлі

07.06.2026 19:24

«Ливерпульдің» бұрынғы қорғаушысы Деян Ловрен Мұхамед Салахтың клубтан кетуіне қатысты пікір білдірді

«Бұған басшылық кінәлі деп ойламаймын, мәселе бір адамда және меніңше ол бас бапкер Слот. Екеуінің арасы жақсы болды дей алмаймын. Салах Клоппен өте керемет қарым-қатынаста болды. Баласындай болды деуге келмес, бірақ бір-бірін жақсы білді, бір-біріне сенім артты, жақсы көрді. Салах Клопп үшін алаңда барын салатын, Юрген де оған сенімділік сыйлайтын, бірақ Слоттың тұсында бәрі керісінше болды»,– деді Ловрен.

Салах 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартты мезгілінен бұрын бұзып, жазда клубтан кететінін хабарлап қойды. Слот та 30 мамыр күні қызметінен қуылды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram