23.10.2026 09:38
Луис Диас қатардан шықты
23.10.2026 09:38
«Бавария» вингері Луис Диас қатардан шықты

29 жастағы колумбиялық шабуылшы «Арсеналға» қарсы кездесуде (2:2) сол аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты ол шамамен бір ай көлемінде командасына көмектесе алмайды.
Мюнхеннің клубы Диасты 2025 жылдың жазында «Ливерпульден» 70 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 11 матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Луистің «Бавариямен» келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.