01.08.2026 15:44
«Манчестер Юнайтед» Португалия құрамасының ойыншысына көз тікті
01.08.2026 15:44
«Ювентус» вингері Франсишку Консейсау мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Sportmediaset хабарлауынша, оны «Манчестер Юнайтед» өз қатарынан көргісі келеді. Манкуниандықтар Консейсау үшін «Ювентуске» шабуылшы Джошуа Зиркзеені және үстінен 30 миллион еуро ұсынуға дайын.
Турин клубының бас бапкері Лучано Спалетти Зиркзеені жоғары бағалайды. Сондықтан мұндай трансфер қос тараптың да көңіліне қонымды болып тұр.
23 жастағы Португалия құрамасының ойыншысы өткен маусымда 42 матчта төрт гол соғып, бес нәтижелі пас берді.