07.02.2026 19:24

«Манчестер Юнайтед» «Тоттенхэмді» тізе бүктірді

07.02.2026 19:24

Ағылшын Премьер-лигасының 25-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Тоттенхэмді» 2:0 есебімен жеңді

«Олд-Траффорд» стадионында өткен кездесуде Бруну Фернандеш пен Брайан Мбемо мергендік танытты. Сондай-ақ 29-минутта «Тоттенхэм» қорғаушысы Кристиан Ромеро алаңнан қуылып кетті.

Осылайша «қызыл сойқандар» 44-ұпайын олжалап, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.

Майкл Кэррик шәкірттері келесі турда 10 ақпан күні «Вест Хэмге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram