06.12.2025 00:39
«Манчестер Юнайтедтен» кеткісі келеді
06.12.2025 00:39
Майну «Манчестер Юнайтед» клубынан кеткісі келеді

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Кобби Майну клуб басшылығына қысқы трансфер кезеңінде жалға кеткісі келетінін хабарлаған.
20 жастағы ойыншы командадағы рөліне көңілі толмайды. Ол АПЛ-дің 9 матчына қатысып, алаңда орта есеппен небәрі 19 минут қана өткізген және бір де бір рет бастапқы құрамда шықпаған. Сондықтан ол клубтан уақытша ауысуға рұқсат беруін сұраған.
Клуб әзірге шешім қабылдаған жоқ. «Манчестер Юнайтед» Африка кубогы аяқталғанша күтіп, турнирге кететін футболшылар оралғаннан кейін құрамдағы жағдайды бағаламақ. Сонымен қатар Майнудың басқа елдегі клубқа ауысуды жөн көретіні хабарланады.