04.04.2026 18:44

«Манчестер Сити» «Ливерпульді» талқандап тастады

04.04.2026 18:44

Англия кубогының ширек финалы аясында «Манчестер Сити» өз алаңында «Ливерпульді» 4:0 есебімен тізе бүктірді

«Этихад» стадионында өткен кездесуде Эрлинг Холанд хет-трик жасаса, Антуан Семеньо бір мәрте мергендік танытты.

Осылайша «қалалықтар» жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, 30 турдан кейін 61 ұпай жинаған Пеп Гвардиола шәкірттері Ағылшын Премьер-лигасында екінші орында келеді. Ал 49 ұпайы бар Арне Слоттың командасы бесінші сатыға табан тіреген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram