08.02.2026 23:30
«Манчестер Сити» «Ливерпульді» тізе бүктірді
08.02.2026 23:30
Ағылшын Премьер-лигасының 25-туры аясында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Ливерпульден» басым түсті

«Энфилд» стадионда өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды. Есепті 74-минутта Доминик Собослаи ашса, араға он минут салып Бернарду Силва таразы басын теңестірді. Ал жеңіс голын Эрлинг Холанд 90+3-минутта пенальтиден соқты. Сондай-ақ матч соңында, 90+13-минутта Доминик Собослаи алаңнан қуылып кетті.
Осылайша «қалалықтар» 50-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. 39 ұпайы бар Мерсисайдтың клубы болса алтыншы орында келеді.
Пеп Гвардиола шәкірттері келесі турда «Фулхэмді» қабылдаса, Арне Слоттың командасы «Сандерлендке» қонаққа барады.