04.08.2026 20:58
«Манчестер Сити» ойыншысы «Ноттингемге» ауысуы мүмкін
04.08.2026 20:58
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Тиджани Рейндерс клуб ауыстыруы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, оған «Ноттингем Форест» қызығушылық танытып отыр. «Орманшылар» Рейндерсті осы жазда қатарына қосқысы келеді.
Ал Daily mail журналисі Саймон Джонс берген мәліметке сүйенсек, Рейндерс тұрақты түрде ойнау үшін Оливер Гласнер баптайтын командаға қосылуға дайын. Трансфер құны шамамен 55 миллион фунт стерлингті (64 млн еуро) құрауы ықтимал.
«Қалалықтар» 28 жастағы Нидерланд құрамасының ойыншысын 2025 жылдың жазында «Миланнан» 54,9 миллион еуроға сатып алған еді. Ол өткен маусымда 47 матчта жеті гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.