07.10.2025 09:53
«Манчестер Ситидің» қыркүйектегі үздік ойыншысы анықталды
07.10.2025 09:53
Жереми Доку «Манчестер Ситидің» қыркүйек айындағы үздік ойыншысы атанды

Бельгиялық вингер жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Эрлинг Холанд (6 гол, 1 ассист) пен Фил Фоденді (2 гол, 2 ассист) басып озды.
Доку өткен айда төрт матчқа қатысып бір мәрте мергендік танытып, үш нәтижелі пас берді.
Ал жеті турдан кейін 13 ұпай жинаған «Манчестер Сити» Ағылшын Премьер-лигасында 5-орында келеді.