04.10.2025 18:48

Мартынович «Қайратта» қалды

04.10.2025 18:48

Александр Мартынович «Қайратпен» келісімшартын ұзартты

Қос тарап 2026 жылдың соңына дейін жарамды жаңа құжатқа қол қойды. Сондай-ақ тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

38 жастағы қорғаушы «сары-қаралардың» сапында 2024 жылдан бері ойнап келеді. Осы аралықта жалпы 48 матч өткізіп, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, 23 ойында 52 ұпай жинаған «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде екінші орында келеді. Ертең, 5 қазанда өтетін «Жетісуға» қарсы ойында жеңіске жеткен жағдайда көш басына көтеріледі.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram