25.02.2026 08:19

Мбаппе бүгін ойнамауы мүмкін

25.02.2026 08:19

«Реал» дүлдүлі Килиан Мбаппе «Бенфикаға» қарсы ойнамауы мүмкін

L'Équipe хабарлауынша, француз форвардының сол аяғының тізесі сыр беріпті. Осыған байланысты ол бүгінгі ойынға қатыспауы мүмкін.

«Реал» «Бенфиканы» Лиссабонда өткен алғашқы кездесуде 1:0 есебімен жеңген еді. Қарымта матч бүгін, 25 ақпан күні Мадридте болады. 01:00-де басталатын ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram