17.06.2026 02:19
Мбаппе Франция құрамасының үздік сұрмергені атанды
17.06.2026 02:19
Килиан Мбаппе Франция құрамасының тарихтағы үздік сұрмергені атанды

27 жастағы «Реал» шабуылшысы Әлем чемпионаты бірінші турындағы Сенегалға қарсы ойында (2:1) Ұлттық құрамадағы 57 және 58-голын соқты. Осылайша ол 57 голы бар Оливье Жирудың рекордын жаңартты.
Мбаппеге бұл межені бағындыру үшін 99 матч жеткілікті болды. Ал Жиру рекордты 137-матчында тіркеген.