31.10.2025 22:38

Мбаппе Ла Лиганың үздік ойыншысы атанды

31.10.2025 22:38

«Реал» дүлдүлі Килиан Мбаппе Ла Лиганың қазандағы үздік ойыншысы атанды

Француз шабуылшысы өткен айда үш ойында үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ үміткерлер қатарында Педри («Барселона»), Энтони («Бетис»), Ян Облак («Атлетико») және Хорхе де Фрутос («Райо Вальекано») болды.

Осылайша Мбаппе қатарынан екінші рет айдың үздігі деп танылды. Ал тамызда бұл жүлде «Вильярреал» вингері Николя Пепеге бұйырған еді.

Мбаппе осы маусымда жалпы 13 ойында 16 гол мен екі ассистті өз есебіне жазды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram