12.06.2026 02:05
Мексика Оңтүстік Африкадан басым түсті
12.06.2026 02:05
Әлем чемпионатының беташар матчында Мексика Оңтүстік Африкадан басым түсті

Мехикодағы «Ацтека» стадионында өткен кездесуде 2:0 есебі тіркелді. Турнир қожайындары сапында Хулиан Киньонес пен Рауль Хименес гол соқты.
Сондай-ақ төреші Вилтон Сампайо үш ойыншыны алаңнан қуды. Оңтүстік Африканың құрамында Яя Ситоле мен Темба Зване қызыл қағаз алса, Мексика сапында Сесар Монтес жазаланды.
А тобында одан бөлек Чехия мен Оңтүстік Корея командалары бар. Олар бүгін сағат 07:00-де өзара кім мықтыны анықтайды.