01.10.2026 23:14

Месси клуб сатып алды

01.10.2026 23:14

«Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси тағы клуб сатып алды

39 жастағы вингер Испанияның екінші дивизионындағы «Депортиво Эльенсе» командасының қожайыны атанды. «Азулгранас» Сегундада жеті турдан кейін бес ұпай жинап, 19-орында келеді.

Осылайша Лео иелік ететін клубтардың саны төртке жетті. Бұған дейін ол Луис Суареспен Уругвайдың төртінші дивизионында ойнап жүрген «Депортиво ЛСМ» ұжымын құрған. Одан бөлек Месси Испанияның үшінші лигасындағы «Корнелья» және өзі ойнайтын «Интер Майамидің» акциясын сатып алған.

Месси MLS клубында 2023 жылдан бері ойнап жүр. Ол осы маусымда 29 матчта 25 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram