19.02.2026 20:05
Месси қатарға қосылды
19.02.2026 20:05
«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси қатарға қосылды

38 жастағы аргентиналық вингер бүгін командамен бірге жаттығыпты. Енді бәрі жақсы болса 22 ақпанда MLS жаңа маусымының алғашқы туры аясында өтетін «Лос-Анджелеске» қарсы ойынды бірінші минуттан бастайды екен.
Осыған дейін Лео 7 ақпан күні өткен «Барселона Гуаякильге» (2:2) қарсы жолдастық кездесуде сол аяғының бұлшық етін ауыртып алып, содан бері алаңға шықпаған еді.
Месси былтыр жалпы 49 ойында 43 гол соғып, 26 нәтижелі пас берді.