04.02.2026 02:50
«Милан» «Болоньяны» сенімді жеңді
04.02.2026 02:50
Италия А Сериясының 23-турында «Милан» сырт алаңында «Болоньядан» басым түсті

«Ренато Даль'Ара» стадионында өткен кездесуде 0:3 есебі тіркелді. Милан клубының сапында Рубен Лофтус-Чик, Кристофер Нкунку және Адрьен Рабьо мергендік танытты.
Осылайша 50-ұпайын еншілеген «россонерри» турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.
Массимилиано Аллегри шәкірттері келесі турда 13 ақпан күні «Пизаға» қонаққа барады.