06.06.2026 16:32
«Милан» Леаудың бағасын бекітті
06.06.2026 16:32
«Милан» вингері Рафаэль Леау жазда клуб ауыстыруы мүмкін

Corriere dello Sport хабарлауынша, «россонерри» оны кемі 50 миллион еуроға бағалап отыр. Қазір Леауға «Арсенал», «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Галатасарай» және «Фенербахче» қызығушылық танытуда.
Осыған дейін ол клуб ауыстырғысы келетінін айтқан еді.
26 жастағы португалиялық вингер осы маусымда 31 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.