27.12.2025 17:42
«Милан» Меньянға жаңа келісімшарт ұсынды
27.12.2025 17:42
«Милан» қақпашысы Майк Меньянды сақтап қалғысы келеді

Football Italia хабарлауынша, «россонери» 30 жастағы французға 2029 жылға дейін жарамды болатын келісімшарт ұсынды. Сондай-ақ тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігін қарастырады екен. Жаңа құжатқа сәйкес, Майктың бір маусымдағы табысы бонусты есептемегенде жеті миллион еуроны құрайды.
Ал егер Меньян мұны қабылдамай, клубтан кетемін десе оның орнын Дзион Судзуки («Парма») немесе Уго Соуза («Коринтианс») басуы мүмкін.
Меньян осы маусымда 18 матчта 16 гол жіберіп, сегіз ойында қақпасына доп өткізбеді. Оның клубпен қазіргі келісімшарты 30 маусымда күшін жояды.