11.11.2025 13:57
«Милан» Модричтен айырылғысы келмейді
11.11.2025 13:57
Лука Модрич «Миланда» тағы бір маусым ойнауы мүмкін

Николо Скираның мәліметінше, «россонери» 40 жастағы жартылай қорғаушымен келісімшартын 2027 жылдың жазына дейін ұзартқысы келеді.
Клуб басшысы Игли Таре мен бас бапкер Массимилиано Аллегри Модричтің командада болуын қалайды екен.
Айта кетсек, Модрич Миланның ұжымына өткен жазда еркін агент ретінде қосылған еді. Осы аралықта 12 ойында бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Қос тарап арасындағы қазіргі келісім 30 маусымға дейін жарамды.