15.12.2025 23:04

«Милан» негізгі ойыншысымен келісімшартты ұзартты

15.12.2025 23:04

Алексис Салемакерс «Миланда» қалды

Қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

26 жастағы Бельгия жартылай қорғаушысы «россонери» намысын 2020 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 159 матчта 12 доп соғып, 18 нәтижелі пас берді. Ал биылғы маусымда 18 ойынға шығып, екі гол мен төрт ассисттің авторы атанды.

Айта кетейік, 15 турдан кейін 32 ұпай жинаған «Милан» Италия А Сериясында екінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram