12.10.2025 20:13
«Миланның» басты ойыншысы қатардан шықты
12.10.2025 20:13
Бельгия құрамасының ойыншысы Алексис Салемакерс жарақат алды

«Милан» жартылай қорғаушысы Солтүстік Македонияға (0:1) қарсы ойында бұлшықетін зақымдап алыпты.
Болжам бойынша шамамен бір айдай уақыт командасына көмектесе алмайды екен. Ал нақты қашан оралатыны әлі белгісіз.
Салемакерс биылғы маусымда сегіз ойында бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.