14.09.2025 11:49
Мюллер MLS-те хет-трик жасады
14.09.2025 11:49
АҚШ чемпионаты MLS аясында «Ванкувер» «Филадельфияны» 7:0 есебімен жеңді
Кеше, 13 қыркүйек 36 жасқа толған Томас Мюллер аталған матчта хет-трик авторы атанып, командасының жеңісіне орасан үлес қосты. Германиялық шабуылшы үш голының екеуін пенальтиден соқты.
Мюллер мансабында жалпы бес хет-трик жасаған. Соңғы рет 2018 жылдың 17 сәуірінде Германия кубогының жартылай финалы аясында «Байер» (6:2) қақпасынан үш мәрте саңылау тапты.
Айта кетейік, Томас Мюллер клубқа осы жазда «Бавариядан» еркін агент ретінде ауысып келген болатын.