15.09.2025 10:00

Модрич тарихи нәтиже тіркеді

15.09.2025 10:00

Түнеугүні «Милан» А Сериясының 3-туры аясында «Болоньядан» (1:0) басым түсті

Матчтағы жалғыз голды Лука Модрич 61-минутта соқты.

Осылайша Модрич (40 жас 5 күн) Италия чемпионатында гол соққан ең егде жартылай қорғаушы атанды.

Хорватиялық жартылай қорғаушы 1961 жылы тіркелген Нильс Лидхольмның (38 жас 169 күн) рекордын жаңарты.

Модрич «Милан» сапына өткен жазда «Реалдан» ауысып келген еді. Осы аралықта жалпы төрт ресми ойынға қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram