22.07.2026 16:15

Модрич Ұлттық құрамадағы мансабын қашан аяқтайтыны белгілі болды

22.07.2026 16:15

Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич халықаралық футболдан қол үзбек

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, 40 жастағы ойыншы құрамадағы соңғы матчын Ұлттар лигасы аясында 6 қазан күні Сплит қаласында Испанияға қарсы өткізеді. Лука бұл туралы бас бапкер Славен Биличке ескертіп қойыпты.

Бірақ ол клубтағы мансабын жалғай береді. Модрич жақында «Миланмен» 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.

Лука Ұлттық құрамада 2006 жылы дебют жасаған еді. Содан бері 202 матчта 29 гол соғып, 32 нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатының күміс (2018) және қола медалін (2022) жеңіп алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram