16.04.2026 11:11
Мусиала рекорд орнатты
16.04.2026 11:11
Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта матчында «Бавария» өз алаңында «Реалды» 4:3 есебімен жеңіп, қос матчтың қорытындысы (6:4) бойынша жартылай финалға жолдама алды

Бұл матчта Мюнхен клубының жартылай қорғаушысы Жамал Мусиала Чемпиондар лигасындағы өзінің 50-матчын өткізді.
Осылайша ол бұл межені бағындырған ең жас неміс ойыншысы атанды. Мусиала 23 жас 48 күнінде 2013 жылдың қараша айында «Баварияның» бұрынғы ойыншысы Томас Мюллер тіркеген рекордты жаңартты.
Мусиала осы 50 матчта тоғыз гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.