25.10.2025 23:15
«Наполи» «Интерден» басым түсті
25.10.2025 23:15
Италия А Сериясының 8-турында «Наполи» өз алаңында «Интерден» басым түсті

Диего Марадона атындағы стадионда өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды.
Алаң қожайындары сапындары Кевин де Брюйне пенальтиден мергендік танытса, Скотт Мактоминей мен Франк Ангисса бір мәрте көзге түсті. Ал «Интердің» жалғыз голын Хакан Чалханоглу 11 метрлік айып добынан соқты.
Осылайша 18-ұпайын олжалаған «Наполи» турнир кестесінде көш бастады. Еншісінде 15 ұпайы бар «Интер» болса төртінші орынға жайғасты.
Келесі турда Антонио Конте шәкірттері «Леччеге» қонаққа барады. Ал Кристиан Кивудың командасы «Фиорентинаны» қабылдайды.