05.02.2026 15:03

«Наполи» ойыншысына ота жасалды

05.02.2026 15:03

«Наполи» капитаны Джованни Ди Лоренцо қатардан шықты

Бүгін, 5 ақпанда 32 жастағы италиялық қорғаушының сол жақ тізесіне ота жасалды. Ол бұл жарақатты 31 қаңтар күні «Фиорентинаға» (2:1) қарсы ойында алған еді. Осыған байланысты шамамен үш айға жуық уақыт көлемінде алаңға шыға алмайды.

Бұл Ди Лоренцоның мансабындағы үшінші жарақаты болды. Бұған дейін 41 күні емделуге кетіп, төрт матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 32 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram