27.10.2026 16:46

Неймар алты матчтан шеттетілуі мүмкін

27.10.2026 16:46

«Сантос» шабуылшысы Неймар жазалануы мүмкін

34 жастағы бразилиялық шабуылшы «Баииге» (1:1) қарсы кездесуде аузын қолымен бүркегені үшін қызыл қағаз алған еді.

Globo хабарлауынша, ол осыған байланысты алты матчқа дейін шеттетілуі мүмкін. Сондай-ақ Неймар 100-ден 100 000 (16 560 еуро) реалға дейін айыппұл арқалайды екен.

Неймар «Сантосқа» 2025 жылдың басында оралған еді. Ол осы маусымда 27 матчта он гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді. Ал келісімшарты 31 желтоқсанға дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram