29.11.2025 11:01
Неймар «Сантосқа» жеңіс сыйлады
29.11.2025 11:01
Бразилия чемпионатының 36-турында «Сантос» өз алаңында «Спорт Ресифиден» басым түсті

Сан-Паулуда өткен кездесуде 3:0 есебі тіркелді. Матч барысында Неймар бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Осыған дейін Неймар сол жақ тізесінің айқыш байламын зақымдап алған еді. Бірақ 33 жастағы шабуылшы жарақатына қарамастан командасына көмектесе білді.
Айта кетейік, 36 ойыннан кейін 41 ұпай жинаған «Сантос» турнир кестесінде 15-орында келеді. Ал чемпионаттың аяқталуына екі тур қалды.