04.12.2025 06:44
Неймар хет-трик жасады
04.12.2025 06:44
Неймар 17 минут ішінде «Жувентуде» қақпасына үш гол соқты

«Сантос» клубының ойыншысы Неймар 37-турдағы сырт алаңда өткен «Жувентуде» матчында хет-трик жасады. Бразилияның футболшысы 56, 65 және 73-минуттарда гол соқты.
33 жастағы ойыншы үшін бұл 2022 жылғы сәуірден бері алғашқы хет-трик. Сол кезде ол ПСЖ сапында «Клермонға» үш гол соққан еді.
Ағымдағы маусымда Неймар чемпионатта 19 матчта 8 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.