02.02.2026 19:05
Нико Уильямс бірнеше ай ойнамайды
02.02.2026 19:05
«Атлетик» вингері Нико Уильямс тағы бірнеше ай командасына көмектесе алмайды

El Chiringuito TV хабарлауынша, 23 жастағы испан ойыншысының шап тұсы қайта сыр берді. Осыған байланысты ол 6-8 апта көлемінде алаңға шықпайды екен.
Бұған дейін Нико маусым басында дәл осы жарақаттың салдарынан алты матчтан шет қалған еді.
Уильямс осы маусымда 23 матчта төрт гол соғып, бес нәтижелі пас берді.