01.10.2025 08:49

Нойер Касильястың көрсеткішін қайталады

01.10.2025 08:49

Мануэль Нойер «Пафосқа» (5:1) қарсы ойында Чемпиондар лигасындағы 101-жеңісіне қол жеткізді

Осылайша «Бавария» қақпашысы бұл көрсеткіш бойынша Икер Касильяспен теңесті.

Бұл рейтингтің алдыңғы қатарына Криштиану Роналду (115) мен Томас Мюллер (111) жайғасқан.

Неміс голкипері Нойер «Бавария» намысын 2011 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта Чемпиондар лигасы аясында жалпы 152 матч өткізіп, 62 кездесуде қақпасына гол жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram